Атом электр станциясы шет елдерден инвестиция тартудың көзі бола алады. Бұл - түркиялық сарапшы Билге Деміркөздің пікірі. Оның айтуынша, шетелдік инвесторлар елдегі электр қуатының көлеміне қарайтын болған. Оның үстіне электр энергиясы аз елдің, өнеркәсібі де, экономикасы да дамымайды, -дейді маман.
Билге Деміркөз, Атом энергетикасы бойынша сарапшы:
Қазақстанның мамандары ядролық энергетиканы жақсы түсінеді және өз мүмкіндіктерін біледі. Мұны мен бұл елге іс-сапар кезінде байқағам. Жалпы АЭС-ке келер болсақ, атом энергетикасы күн мен жел энергиясына қарағанда қауіпсіз. Қай жағынан алып қарасақ та, электр энергиясының мол қоры АЭС-да.
Аида Ахметбек