Шымкент қаласының 5 ауданында тазалық акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласының 5 ауданында тазалық акциясы өтті

20.09.2024
0:00:00
0:00:00

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Шымкент қаласының барлық ауданында акция өтті. 100-ге тарта азамат алдымен әуежай маңындағы талдардың түбін әктеп, бейберекет өскен арам шөптерді орды. Егде жастағылар жастарға үлгі әрі мотивация болсын деген ниетпен қолға сыпырғы алып, әуежай аумағын тазалады. Сондай-ақ экологиялық шара Асар шағын ауданындағы аллея мен Қошқарата өзені бойында да жүргізілді. Өзен жағасы күл қоқыстан аршылып, жағалаудағы ретсіз өскен ағаштар бұталды. Жалпы акцияға 300-ге тарта адам қатысты. Олар техника көмегімен күл-қоқыстарды арнайы полигонға шығарып тастады.

Орынша Тәжібаева, қала тұрғыны:

Жастарға үлгі өнеге ретінде, еліміз таза, жеріміз көркем, гүлденуі үшін тазалық акциясына бәріміз бірге қатысудамыз.


Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу