Жүздеген қылмыскер бостандыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүздеген қылмыскер бостандыққа шықты

20.09.2024

Тұманды Альбион түрмелерінде орын жоқ. Сондықтан билік жазасын өтеушілерді мерзімінен бұрын босата бастады. Англия мен Уэльсте жүздеген қылмыскер қапастан шықты.

Дерекөздерге сәйкес, Батыс Еуропада түрмеде отырған қылмыскерлердің саны бойынша Ұлыбритания көш бастап тұр. Әділет министрлігінің мәліметтері бойынша, тұтқындардың саны 90 мың адамға жуықтайды. Барлығы 5 500 орынды босату жоспарланып отыр. Қылмыскер жазасының 40 пайызын өтесе болғаны. Дегенмен, шектеулер жаза мерзімінің соңына дейін сақталады. Яғни, коммендаттық сағатта сыртқа шықпайды, түзеу мекемесі қызметкерлерінің бақылауында болады.

Шабана Махмуд, Ұлыбритания Әділет министрі:

Үкіметтің заңға уақытша өзгеріс енгізуден басқа амалы жоқ екенін мәлімдеймін. Жеңіл жаза түрлерін өтеушілер түрмеден ертерек шығарылады.


Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу