Антикор басшысы шетелдіктермен өз тәжірибелерімен бөлісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Антикор басшысы шетелдіктермен өз тәжірибелерімен бөлісті

20.09.2024

Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан елінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мамандары мемлекетаралық кеңесте бас қосты. Өзара тәжірбие алмасты. Жиынға Қырғызстан, Беларусь және Ресей Федерациясының Бас прокурорлары да қатысты. Ақпарат алмасу, өзара іс-қимыл жасау және жемқорлыққа қарсы ортақ ұсыныстар әзірлеу сынды саладағы мәселелер талқыланды. Антикор басшысы Асхат Жұмағали әріптестеріне активтерді қайтару және жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың озық құралдарын енгізу бойынша жүйелі шараларды таныстырды.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу