Шетелдік сарапшылардың айтуынша, атом электр станциялары көптеген елдердің көмір мен газға тәуелділігін төмендетті. Сонымен қатар мыңдаған жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік берді. Халық саны өсіп, энергетикалық сұранысы артқан елдер үшін АЭС қажет.
Дмитрий Новиков, РҒА Қытай және Орталық Азия зерттеулер орталығының жетекші ғылыми қызметкері:
Атом электр станциялары қоршаған ортаға зиянын тигізбейді, ауаны ластамайды. Соңғы жылдары салынған атом электр станциялары энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алды. Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, экономиканы жаңғыртуға да септігін тигізеді. Ал экономикалық модельдерді трансформациялау - көптеген елдердің алдында тұрған міндет.
Индира Бегайдар