Өзбекстанға сирек кездесетін құстарды заңсыз өткізбек болған адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанға сирек кездесетін құстарды заңсыз өткізбек болған адам ұсталды

20.09.2024
0:00:00
0:00:00

Қазақ-өзбек шекарасында сирек кездесетін құстарды заңсыз алып өтпек болған азамат ұсталды. Тексеру барысында оның тасымалдауға рұқсат құжаттары жоқ екені анықталған. Сондай-ақ ветеринардың қорытындысында мәліметтер қате көрсетілген. Заң бұзушылық Түркістан облысымен шектесетін «Гишткуприк» бекетінде тіркелген. Әндіжан облысының тұрғыны 22 қырғауыл мен 5 тауысты Өзбекстанға алып кірмек болған. Оның жүгін тінту кезінде кеденшілер «тірі тауарды» тапты. Тексеру барысында анықталғандай, күдікті оларды Шешенстаннан әкеле жатқан. Қазақстан аумағы арқылы өткізбек болғанда, шекарашылар жолын кесті. Мән-жай анықталғанша, құстар Ташкенттегі хайуанаттар бағына жіберілетін болды.

Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу