Халықаралық сарапшы: Қазақстан су ресурстары саласындағы жұмысты ширатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық сарапшы: Қазақстан су ресурстары саласындағы жұмысты ширатты

20.09.2024

Орталық Азия мемлекеттеріндегі Су ведомстволарының өкілдері Астанада бас қосты. Олар Қазақстанның төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қоры Басқармасының отырысына қатысты. Меймандар Қазақстандағы атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға берді.

Далер Абдуразокзода, Тәжікстанның су-энергетикалық саясат, ғылым мен техниканы дамыту бас басқармасының басшысы:

Су ресурстарын басқарумен айналысатын жеке министрлік құрылғаннан кейін, Қазақстан ел ішінде де, өңірлік және халықаралық деңгейде де жақсы жұмыс істеп, өзара іс-қимылды ұйымдастырып, ұзақ жылдар бойы қордаланған мәселелерді шеше бастады. Бұл бізге екіжақты және өңірлік су мәселелерін өзара тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу