Ресейде еңбек мигранттарына талап күшейтілмек. Мемлекеттік Дума шетелдік жұмысшыларға қатысты 20-ға жуық заңды қарауға алды. Білім министрлігі мектеп пен балабақшаға орыс тілін нашар білетін мигрант балаларының санын шектеуді ұсынды. Жыл соңына дейін мигранттарға өз отбасыларын Ресейге әкелуге тыйым салатын заң қабылдануы мүмкін. Ал Мәскеу облысында келер жылдан бастап мигранттарға сауда, қоғамдық тамақтану, білім беру және медицина салаларында жұмыс істеуге тыйым салынады. Елде заңсыз жүрген шетелдіктердің тізіміне бір рет енген жұмысшылар көлік жүргізе алмайды, банктік қызметтерді пайдану құқығынан айырылып, некесін тіркей алмайды. Заңсыз миграция аса ауыр қылмыс санатына жатқызылады. Ол үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
Владимир Евсеев, сарапшы:
Еңбек мигранттарына қатысты мәселені шешу керек. Мүмкін әр мемлекетке арнайы квота бөлінуі керек шығар немесе мигранттарды дайындау орталықтарын ашу да оң нәтиже берер еді. Бүгінгі күні Ресейде Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген шетелдік жұмысшылардың саны көп.
Индира Бегайдар