Шымкент қаласында «Таза бейсенбі» акциясы Әл-Фараби ауданында жалғасын тапты. «Amanat» партиясы ұйымдастырған экологиялық шараға «Жастар рухы», ардагерлер кеңесі және бірқатар қоғамдық бірлестіктің 100-ден астам өкілі мен белсенділері қатысты. Олар Бадам өзенінің жағалауын қоқыстан тазартып, арнаны бойлай өскен арам шөптерді орды. Бүгінге дейін көпшіліктің күшімен 20 тоннадан астам қоқыс қала аумағынан шығарылған.
Ердәулет Жүнісбек, «Amanat» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының атқарушы хатшысы:
Қаламызда 5 аудан болғандықтан рет-ретімен кезегімен өтеді. Бүгін Әл-Фараби ауданының кезегі. Сол себепті ең қоқыс көптеу деген аймақты таңдап отырмыз. Осы акцияның нәтижесінде тұрғындарға да ой саламыз деген үміттеміз. Олар да келесі акцияларда бізбен бірге шығады деген ойдамыз.
Ғани Қалмаханов