Елімізде қылмыс саны азайып келеді. Мемлекет басшысының қабылдауында болған Ішкі істер министрі Ержан Сәденов осылай деп есеп берді. Оның дерегінше, қылмыстық құқық бұзушылық саны 4 мыңға, соның ішінде қылмыс 7 мыңға азайған. Қоғамдық орындарда жасалатын және кәмелетке толмаған азаматтардың қатысы бар құқық бұзушылық та кеміген. Қылмыстың барлық түрін ашу көрсеткіші де жақсарған.
Ержан Сәденов, ҚР Ішкі істер министрі:
Президентке тапсырмалардың орындалуы жөнінде оның ішінде Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру туралы хабарладым. Атап айтқанда ұйымдасқан кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, жол қауіпсіздігі, кадр саясатын дамыту мәселесі, сонымен қатар аттестация барысы туралы баяндадым. Президент нақты міндеттер қойды.
Оңғар Алпысбайұлы