Елордада үздік бағдарламашылар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада үздік бағдарламашылар анықталды

19.09.2024

Әлемнің үздіктерін біріктірген IT жарысының финалы Астанада өтіп жатыр. Студенттер арасында ұйымдастырылатын беделді сайыс спорттық бағдарламалаудың саңлақтарына арналған. Олар код жазып қана қоймай, есептерді аз уақытта тез әрі дәл шешу керек. Ерекше көзге түскендер әдетте стартап ашып, мансаптарын ірі компанияларда бастап жатады. Сондықтан жастар үшін бұл турнирдің маңызы зор. Айта кетейік, шешуші кезеңге өткен 1200 программист қатарында Қазақстаннан шыққан 5 команда да бар.

Темірлан Нұрсолтанов


Хабарламаларға жазылу