Америкалықтар бес жылдың ішінде дыбыстан жылдам жолаушылар ұшағын қолданысқа енгізуді жоспарлар отыр. Қазіргі ұшақтардан кемі екі есе жылдам ұшатын Overture атты әуе кемесі екі рет сынақтан сәтті өткен. Жаңа буынды бұл ұшақтар пайданалуға берілгенде Сан-Францискодан Токиоға алты сағатта ұшып баруға болады.
Boom Supersonic атты аэроғарыштық компания дыбыстан жылдам ұшағының прототипін Калифорнияның Мохаве шөлінде сынақтап өткізіп жатыр. Бірнеше рет көкке көтеріліп, 1,7 мах яғни, сағатына 2100 шақырым жылдамдықты көрсеткен. Демек дәстүрлі коммерциялық авиалайнерлерге қарағанда екі есе жылдам. Бұл алыс қашықтыққа ұшу уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік бермек.
Блейк Шолл, Boom Supersonic компаниясының бас директоры:
Қазірдің өзінде Overture ұшағы Нью-Йорктен Лондонға 3,5 сағатта, Ньюарк қаласынан Франкфуртқа 4 сағатта, Сан-Францискодан Токиоға 6 сағатта ұшып бара алады. Яғни, бұл Нью-Йорктен таңертең шығып, түстен кейін Лондонда кездесу өткізіп, сол күні үйге оралып, балаларыңызды ұйықтатып үлгеретін мүмкіндік береді.
1970-жылдардан бастап Concorde және Ту 144 ұшақтары көкте қалықтады. Алайда билет құнының тым қымбаттығы, қатты дыбыс шығаратыны және көмірқышқыл газын көп мөлшерде ауаға тастайтыны оларды пайдалануды тоқтатуға мәжбүр етті. Алайда америкалықтар өздері шығарған ұшақтың жаңа буынында мұндай кемшілектер жоқ дейді. Мәселен әлемдегі алғашқы автоматтандырылған шу азайту жүйесін қолдану арқылы әуежайларға емін еркін қонып ұша алады. Әлемнің ірі әуе компаниялары қазірің өзінде 80 орындық ұшақтың 130 данасын сатып алауға дайын отыр.
Блейк Шолл, Boom Supersonic компаниясының бас директоры:
United Airlines, American Airlines және Japan Airlines барлығы Overture ұшағына алдын ала тапсырыс жасады. Ұшу бағасы да Concorde-тегі бағалардан 75 пайызға арзан болады. Бірақ, әрине тек бизнес-класты қызмет көрсетіледі.
Билет құны бұрынғылардан бірнеше есе арзан дегенмен әлі де едәуір қымбатқа түспек. Блейк Шоллдың айтуынша, Атлант мұхитын кесіп өту құны 5 мың доллар болмақ.
Жалғас Сәдібекұлы