Қостанай облысында жол қозғалысы әуеден бақыланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында жол қозғалысы әуеден бақыланады

19.09.2024

Қостанай облысында күре жолдағы қозғалыс пилотсыз ұшатын аппараттармен әуеден бақылана бастады. Көлік жүргізушілерінің тәртібін көктен қарау үшін апат көп болатын учаскелер таңдалды. Пилотсыз ұшатын аппарат 50 шақырымға дейінгі аумақты бақылай алады. Жылдамдығы 1 сағатта 100 шақырымға жетеді.

Алғашқы екі күнде жолдағы жолақ белгілерді елемей қарсы бағытқа шыққан 6 жүргізуші анықталды. Олар жарты жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Әуеден бақылау сонымен қатар көлік басқарып келе жатып телефонмен сөйлесу, қауіпсіздік белдігін тақпау тәрізді ережелерді бұзуды да анықтай алады.

Алексей Милюк, Қостанай облыстық ПД басшысының орынбасары:

Қазір Қостанай - Әулиекөл - Сұрған бағытындағы жолды бақылап бастадық. Себебі жүргізушілер ережені сақтамауының салдарынан мұнда апат өте жиі болады. Жыл басталғалы бұл учаскеде 20-дан астам апат болып, 40 адам зардап шекті. Оның үшеуі қайтыс болды.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу