Қазгидромет: Республика бойынша жел күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: Республика бойынша жел күшейеді

19.09.2024

Республика бойынша жел күшейіп, суық ауа райы сақталады. Қазгидромет мамандары осындай болжам жасап отыр. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің солтүстігінде, орталығы мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Ал Шығыс Қазақстан, Абай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Қарағанды облыстарында аяз болады.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу