Киіктен шаруаларға 10 млрд теңге шығын келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киіктен шаруаларға 10 млрд теңге шығын келді

18.09.2024

Былтыр киіктен шаруаларға 10 млрд теңге шығын келді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты. Оның сөзінше, ақбөкендер саны шамадан тыс көбейген соң, біршама егістік алқаптары мен жайылымды жерді киік таптап кеткен. Министрлік Қызыл кітапқа енген жануардың санын реттеуге арналған арнайы ғылыми негіздеме әзірлеген. Оған сәйкес, былтыр 42 мың ақбөкеннің көзі жойылды. «Десе де, бұл киік популяциясына әсер етпейді», - дейді министр. Қазір еліміз бойынша 4 млн-нан астам ақбөкен тіршілік етеді.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

Бүгінгі таңда ақбөкендердің бүкіл әлемдегі 99 пайызы біздің елде. Басқа бірде-бір елде мұнша жоқ. Ал атылған киіктердің еті өңделді. 4 өңірдегі ет комбинаттарымен келісімшарт жасалды. Олар өнімді бөлшек саудада сатуды қамтамасыз етті.


Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу