Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Түркістан облысының Созақ ауданында ұйымдастырылды. Аудандық ардагерлер алқасы бастаған топ «Ысқақ баб» кесенесінің айналасында шашылған қоқыстарды жинап, қураған шөптерден тазартты. Ал созақтықтар Шолаққорған ауылындағы «Орталық» саябақпен қатар Таукент кентінде орналасқан «Жастар» саябағында да тазалық жұмыстарын жүргізді. Оған елдімекен тұрғындары мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ардагерлер және еріктілер атсалысты. Бұл күні туристер үшін тартымды мекен саналатын Қызылкөл аумағы да қоқыстан тазартылды. Көлдің айналасы мен қара балшығы бар аумағы, көлге апарар жолдың бойын ретке келтірді. Сенбіліктен соң сорттық сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға түрлі сыйлықтар таратылды.
Айнұр Ақбаева