Ғалым: Атом энергетикасы қауіпсіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалым: Атом энергетикасы қауіпсіз

18.09.2024

Энергетикалық проблеманы баламалы көздер есебінен шешуді халықаралық кәсіподақ қозғалысы да қолдайды. Ақтөбеде өткен кездесуде атом электр станциясын салу мәселесі талқыланды.

Шараға облыстық кәсіподақтар орталығының басшылығы мен салалық кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты. Жиынға белгілі профессор, физика-математика ғылымдарының докторы Игорь Спивак-Лавров арнайы шақырылған. Ғалым жиналғандарға баламалы энергия көздері мен оның әлеуеті туралы айтып берді.

Игорь Спивак-Лавров, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор:

Франция энергияның жетпіс пайызын атом электр станциясынан алады. АҚШ-та жүз шамасында осындай станция жұмыс істеп тұр. Қазір технология дамыды. Атомдық энергетика қауіпсіз бола түсті. Сондықтан қорқудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Қазіргі энергия көздері жақын болашақта таусылады. Сол кезде бәрібір осы атом электр станциясына келеміз. Еліміз маман даярлау ісіне мән беруі керек.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу