Талдықорғанда волейбол орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда волейбол орталығы ашылды

19.09.2024

Талдықорғанда қала күні қарсаңында Жетісу волейбол орталығы ашылды. Спорттық нысан құрылысына жергілікті бюджеттен 1млрд 217 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл жерде Жетісу волейбол клубының ерлер және әйелдер кәсіби командалары оқу-жаттығуларын өткізіп, жас спортшылар да дайындалады. Спорт кешенінің жанынан демеушілер спортшыларға арнап 4 қабаттты, 54 орындық тұрғын үй салып берді. Барлық қажетті тұрмыстық техника және жиһаздармен жабдықталған баспанада жан-жақтан келген волейболшылар тұрады. Айта кету керек, ерлер командасы биыл ұлттық лигада ойнаса, қыздар құрамасы жоғарғы лигада чемпиондыққа үміткер.

Нияз Жантілеуов, «Жетісу» волейбол клубының директоры:

Бізде спортшылар жан-жақтан өңірден жиналған. Ұл, қыздардың өздерінің айтуы бойынша, бізде Қазақстанда, Орта Азияда мұндай жоқ аналогтар. Бізде Талдықорғанда, Жетісу облысында керемет жағдай жасалды. Сондықтан біз міндеттіміз жақсы нәтиже көрсетуге.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу