Ливанда "Хезболла" тобының байланыс құралы ретінде қолданылатын пейджерлер бір мезетте жарылып, 2800 адам жараланды. 9 адам қаза тапқан. Олардың біреуі - 8 жастағы қыз, қалғандары - қарулы топ мүшелері. Хезболла жарылған пейджерлер топтың бөлімшелері мен институттарының қызметкерлеріне тиесілі екенін және 8 жауынгерінің мерт болғанын растады.
Бұған қоса, бұл оқиға қауіпсіздік күштерінің ең ірі сәтсіздігі екенін де мойындады. "Би-Би-Си"-дің мәліметінше, пейджерлерге 10-20 грамм аралығында күшті жарылғыш зат салынған болуы мүмкін. "Хезболла" жарылысқа Израильді айыптап отыр. Ал соңғысы әзірге бұған қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Арай Төлеген