Алматы облысында 7 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында 7 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды

18.09.2024

Алматы облысында 7 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды. Қала іргесіндегі Әйтей, Іргелі, Қаскелең ауылдары мен бірнеше тұрғын үй кешенін “БейАжТранс” пен “Таусамалы Қызмет” мекемелері 10 жылға жуық жарықпен қамтамасыз етіп келеді.

Жарықтың берілмеу себебі, тоқ таратушы делдал компаниялардың “АлматыЭнергоСбыт” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 300 миллион теңге берешегі болған. Мәселеге жергілікті билік араласып, қарызды жабу үшін келіссөздер жүргізілді. Кешке барлық үйге жарық берілді.

Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу