Елімізде банк борышкерлерінің берешегі 8 млрд теңгеден асады. Бұл туралы биылғы Жолдауды сараптаған жиында белгілі болды. Сарапшылар тығырықтан шығудың жолдарын ұсынды. Әсіресе, несие мерзімі 90 күннен асып кеткен азаматтарға басымдық берілмек. Жастардың қаржылық сауаттылығын арттырып, несиеге әуестігін жою үшін қазір ел аумағында «қарызсыз қоғам» жобасы жұмыс істеп тұр.
Еркебұлан Амантаев, сарапшы:
Қазақстандықтардың яғни борышкерлердің екінші деңгейлі банктерге төлей алмай отырған қарызы 8 млрд теңге. Борышкерлердің 5,5 мың азамат төлей алмаймын деп өтініш берген. Статистика бойынша осы қарызсыз қоғам қаржылық сауаттылықты 550 мың оқушылар мен студенттерді оқыту жоспарланып отыр.
Аида Ахметбек