Мемлекеттік кеңесші ШҚО қоғам белсенділерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік кеңесші ШҚО қоғам белсенділерімен кездесті

17.09.2024

Мемлекеттік кеңесші және Ұлттық құрылтай мүшелерінің қатысуымен Шығыс Қазақстан облысында кездесулер өтті. Ерлан Қарин облыс әкімі Ермек Көшербаевтың, қала және аудан әкімдерінің, мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен ішкі саясат мәселелері бойынша жиналыс өткізді. Сондай-ақ Ұлттық құрылтай мүшелері жергілікті сарапшылармен жүздесіп, облыста жүргізіліп жатқан талдау және зерттеу жұмыстарына қатысты өзекті мәселелерді қозғады. Ерлан Қарин Ұлттық құрылтай мүшелерімен бірге өңірдің Қоғамдық кеңес өкілдерімен жүздесті.

Іс-шарада Мемлекеттік кеңесші Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында мемлекеттік саясат жүргізу ісінде экономикалық реформаларға басымдық берілгенін атап өтті. Ерлан Қарин еліміздің өсіп-өркендеуі үшін өндірістік әлеуетімізді толық пайдалануға ықпал ететін жүйелі шаралар қажет екенін айтты. Сондықтан энергия қуатының жаңа көздерін дамыту, атап айтқанда атом электр стансасын салу өте өзекті мәселе екеніне назар аударды. Ерлан Қарин атом электр стансасы экономикалық өсімнің маңызды шарты ғана емес, Қазақстанның энергетикалық дербестігін қамтамасыз етуге жол ашатын тамаша мүмкіндік екенін айрықша атап өтті.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу