Референдум: 12 миллионнан астам адам дауыс беруге құқылы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Референдум: 12 миллионнан астам адам дауыс беруге құқылы

16.09.2024

Атом электр станциясын салуға қатысты референдумды бақылауға халықаралық 1 ұйым мен 5 шет мемлекеттен 13 байқаушы аккредиттеуге өтініш берген. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясында өткен отырыста белгілі болды. Жиында дауыс беру тәртібі нақтыланды. Науқанға 20 күн қалды.

Референдум 6 қазан күні таңғы сағат 7-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Бюллетеньнің нұсқасы дайын, онда «Сіз Қазақстанда АЭС салуға келісесіз бе?» деген бір ғана сұрақ болады. "Иә, келісемін" немесе "жоқ, келіспеймін" деген жауаптардың бірін таңдау керек.

Референдум кезінде құлағы естімейтіндер үшін бюллетеньнің дыбыс нұсқасы, көзі көрмейтін азаматтарға брайль шрифті бар бюллетень ұсынылады. Сондай-ақ, осы күні сурдоаудармашылар да көмек көрсетеді. Арбадағылар үшін моневрлік қозғалысы бар кабиналар жасақталады.


Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу