«Бірлік пен келісім – Әділетті Қазақстанның басты құндылықтары» атты республикалық конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бірлік пен келісім – Әділетті Қазақстанның басты құндылықтары» атты республикалық конференция өтті

16.09.2024

Этносаралық үйлесімнің жаңа деңгейіне өту керек. Бұл туралы «Бірлік пен келісім – Әділетті Қазақстанның басты құндылықтары» атты республикалық конференцияда талқыланды. Жиналғандар ұлт бірлігін нығайту бойынша тиімді шешімдерді ортаға салып, ұлтаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты жетілдірудің маңызына тоқталды. Сондай-ақ эносаралық үйлесімділікті сақтау үшін инновациялық тәсілдер мен цифрлық технологияларды енгізуге ерекше назар аударылды. Этнодемографиялық өзгерістерді бақылап, оның саясатқа ықпалын зерттеп талдау ұсынылды.

Талғат Қалиев, қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры:

Президент өз жолдауында айтып еді. Біздің ел бірлігі - Әділетті Қазақстанның басты құндылығы деп. Қазір қарап отырсақ, дүниежүзінде бірталай соғыс, қақтығыс болып жатқан кезде, біздің еліміз ең тыныш елдің біріне айналды. Сондықтан бізге қазір туристер көп келетін болды. Келіп, бізде тұрамыз деген адамдар көбейіп кеті. Ол біздің ерекшелігіміздің көрсеткіші. Жақсы көрсеткіш. Өйткені әр азамат әр Қазақстан тұрғыны осы бірліктің, ынтымақтың бағасын түсіне бастады деп ойлаймын.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу