Түркияда теңізде балық қырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда теңізде балық қырылып жатыр

12.09.2024

Түркияның батысындағы Измир шығанағында балық қырылып жатыр. Көп мөлшерде өліп, су бетіне қалқып шыққан балықтардан тараған күлімсі иіс Измир жағалауын алып кеткен. Эгей теңізі жағалауында тек балықтар емес, теңізде өмір сүретін жәндіктердің басым бөлігі қырылып қалған. Мамандар бұның нақты себебін әлі анықтай алмай жатыр.

Су мен өлген балықтардан алынған сынамалардың алдын-ала нәтижесі бойынша теңізде оттегі күрт азайып кеткен. Бұған шығанақтағы теңіз суының тым кірленіп кетуі себеп болуы мүмкін дейді ғалымдар. Қазір Измир жағалауында суға түсуге және балық аулауға толық тыйым салынды.

Мұрат Курум, Түркияның қоршаған ортаны қорғау және қала құрылысы министрі:

Измир шығанағында фосфор, хлор, аммоний мен азот сияқты зиянды химиялық заттардың мөлшері белгіленген нормадан екі есе асып кеткен. Өкінішке қарай шығанақтағы теңіз суының ағасы толықтай дерлік тоқтап қалған. Кей жерлерде ешқандай тіршілік қалмаған. Шығанаққа құятын 25 өзеннің де органикалық жағдайы өте мүшкіл.

Айдос Әшім

Хабарламаларға жазылу