Бүгін табыс туралы декларацияны тапсыратын соңғы күн. Ел бойынша 300 мыңға жуық адам өз есебін тапсырмағанын Қаржы министрлігі хабарлаған болатын. Бүгін 250 және 270 формасы бойынша декларацияларды тапсыру мерзімі аяқталады. Салық есебін «egov.kz», «e-Salyq Azamat», «eGov mobile» арқылы тапсыра аласыз.
Салық декларациясын бизнесмендер, заңды тұлға құрылтайшылары мен жұбайлары тапсырады. Салық органдары алдымен ескерту береді, оны елемеген жағдайда 15 АЕК, яғни 55 мың 380 теңге көлемінде айыппұл салынады.
Серік Жұмабек