Әйгілі «Күлбике» көркем фильмі бүгін Ұлттық арнада! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әйгілі «Күлбике» көркем фильмі бүгін Ұлттық арнада!

07.03.2017
Әйгілі «Күлбике» көркем фильмі бүгін Ұлттық арнада!

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай «Дисней» компаниясының «Күлбике» көркем фильмін қазақ тілінде ұсынады.

Әлемге танымал ертегіні  алғаш рет осыдан 300 жыл бұрын француз жазушысы Шарль Перро жазған болатын, ал, кейіннен ағайынды  Гриммдер де өз нұсқасын тарту етті.

Махаббат туралы танымал туындыны әр жылдары әлемнің түрлі киностудиялары да экранизациялады.

Бүгін Ұлттық арнадан Лили Джеймс, Кейт Бланшетт сынды голливудтық актрисалардың дауысы қазақ тілінде  дыбысталмақ. Басты кейіпкер Лили Джеймсты Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрының актрисасы Айнұр Бермұхамбетова, ал, Кейт Бланшетті Күнсұлу Шаяхметова дыбыстады.

Айта кетерлік жайт, бұдан былай, «Қазақстан» телеарнасы өз көрермендеріне «Дисней» компаниясының фильмдерін қазақ тілінде ұсынатын болады.

«Күлбике» көркем фильмін бүгін 16:30-да көре аласыздар!

Хабарламаларға жазылу