Румынияда дауыл мен тасқыннан 5 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Румынияда дауыл мен тасқыннан 5 адам қаза тапты

14.09.2024

Румынияның шығысында төпелеп жауған жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласты. Соңғы мәлімет бойынша, 5 адам қаза тапқан. Сонымен қатар көптеген тұрғын су басқан аудандарда қалып қойды. Қазір Галати және Васлуй округтерінде құтқару операциялары жалғасып жатыр. Жалпы алғанда жауындатып соққан сұрапыл дауыл 19 елді мекенге соққы берген. Одан ағаштар құлап, көліктер зақымданып, жолдар жабылған. Ал Чехияда 63 мың үй жарықсыз қалды. Болжамдарға қарағанда, осы апта соңында Чехиямен бірге Германияны, Австрияны, Венгрияны, Словакияны, Польшаны да су басуы мүмкін. 

Хабарламаларға жазылу