Атом – үздіксіз энергия көзі. Сондықтан Қазақстанда АЭС салу ел ертеңі үшін маңызды қадам. Әрі бұл еліміздегі электр энергиясы тапшылығын жоюға ықпал етеді. Өзекті мәселе «SARAP» эксперттік клубының Жолдауды талқылауға арналған аймақтық жиынында сөз болды. Түркістанда өткен талқылауға аймақтың қоғам белсенділері, экологтар, сондай-ақ энергетика және ядролық физика саласының мамандары қатысты.
Бауыржан Серікбаев, саясаттанушы:
Елімізді толғандырған мәселелер болса оны бүкіл халыққа ұсынып, талқылап, сол жерде дауыс беру арқылы халқымыздың басым көпшілігінің қалауымен шешілетін болады. Бұл Қазақстанда орын алып отырған демократиялық процестің бір көрнісі.
Батыс қазақстандық ғалымдар да атом энергиясының артықшылығы жайында студентермен ой бөлісті. Экономиканы дамыту үшін орасан зор қуат көзі қажет. Дамыған мемлекеттердің барлығында атом электр станциясынан алынатын энергияның таза әрі қауіпсіз екені дәлелденген. Жиында Жолдаудың басқа да маңызды тұстары талқыланды.
Сәрсенбек Монтаев, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ профессоры, Техника ғылымдарының докторы:
Атом электр станциясын «кеше» салу керек еді. Себебі Қазақстанда электр энергиясының жетіспеушілігі өте жоғары. Біз электр энергиясын көрші мемлекеттерден сатып аламыз. Әсіресе Ресейден. Мен «Болашақ» бағдарламасымен 2009 жылы Жапонияда болдым. Токиода 15 млн халық бар. 15 АЭС бар. Міне, Жапония қазір барлық салада алдыңғы қатардағы мемлекет.
Айнұр Ақбаева