Құжатқа Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Жаңа комитет Есірткі қылмысына қарсы бағытта жұмыс істемек. Өзгерістерге сәйкес, енді Ішкі істер министрлігіне қарасты 5 комитет бар. Олар Қазақстан Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы, қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, әкімшілік полиция мен көші-қон және жаңадан құрылған есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті.