Санкт-Петербургте өткен халықаралық мәдени форумда өзекті мәселелер талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Санкт-Петербургте өткен халықаралық мәдени форумда өзекті мәселелер талқыланды

13.09.2024

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Халықаралық біріккен мәдениеттер форумы өтіп жатыр. Шараға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастаған қазақстандық делегация да қатысты. Форумда мәдениеттің экономикаға әсері, оның ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы үлесі сияқты мәселелер талқыланған. Шараға 12 мыңға жуық адам қатысты.

Айбек Сыдықов, ҚР Ұлттық мұражайы директорының міндетін атқарушы:

Қазіргі таңда Қазақстанда 275-тен астам музей тіркелген, төрт миллионға жуық мәдени құндылықтарымыз құрайды. Біз тек Ресеймен ғана емес, басқа жетекші музейлермен де қарым-қатынастамыз. Бірлескен көрмелер, сонымен қатар ғылыми экспедициялар ұйымдастырып отырмыз.

Аида Балаева форум аясында ресейлік әріптесі Ольга Любимовамен кездесіп, ынтымақты нығайту жолдарын пысықтады. Шығармашылық мамандық өкілдері үшін біліктілікті арттыру бойынша бірлескен курстардың маңызы, екі елдің театр мекемелері арасындағы әріптестікті дамыту мәслелерін талқылады. Бейнелеу өнері мен анимация саласындағы байланыстарды кеңейту жағын да қозғап, екі елдің ұлттық киноға деген қызығушылығы артып келе жатқанын атап өтті.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу