Алматыда Мажарстанның исламдық сәулет өнері ескерткіштері туралы фотокөрме ашылды. Мажарстан – готикалық стиль мен түрік-ислам сәулет өнерін тең дәрежеде көрсететін ел. Мешіттер, мұнаралар, түрбе-қабірханалар және моншалар венгр тарихының 150 жылдық османдық кезеңінен сыр шертеді. Көрмеде Кетуда, Эрде секілді 17 ғасырдың басында салынған мұнаралардың фотосуреттері ұсынылды. Орталық музей мен Мажарстан Бас консулының ұйымдастыруымен өткен шараға 30-ға жуық сурет қойылды. Көрме 25 қыркүйекке дейін жалғасады.
Петер Шиклош, Мажарстанның Алматыдағы консулы:
Мажарстанның тарихы мен мәдениеті туралы мол мағлұмат беру мақсатымыз. Көрмеде қонақтарға түрік-осман империясы кезеңінде Эгер, Пеш, Сигетвар қалаларында салынған тарихи ескеркіштерді көрсеттік. Шараның Алматыда өтуі де бекер емес. Себебі, Алатау баурайындағы көрікті қалаға жан-жақтан келушілер көп.
Айдана Қуантхан