V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу рәсімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу рәсімі өтті

13.09.2024

Сонымен, 5 күн бойы Елорда төрінде дүбірлеп өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталып, салтанатты жабылу рәсімі болды.

Бюджеттің қысқартылуына байланысты шара хаттамалық форматта көрерменсіз өтті. Оған тек спортшылар қатысты. Байрақты бәсекенің жабылу рәсімі 1 сағатқа жалғасты. Салтанатты шарада сөз сөйлеген Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған, жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Спорттық дода арқылы түркітілдес елдердің бай мәдениеті мен салт-дәстүрі айрықша дәріптелген. Енді келесі ойындар Қырғызстанда өтеді. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, киелі суға толы торсықты ұлттық бәсекенің символы ретінде көрші елдің өкіліне табыстады.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу