Мемлекет есебінен 170 мың тұрғын үй салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет есебінен 170 мың тұрғын үй салынады

13.09.2024

Биыл мемлекет есебінен 170 мың тұрғын үй салынады. Бұл туралы «Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері» комитеті төрағасы мәлімдеді. Бақытжан Жүнісбековтің айтуынша, биыл азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің қосымша шаралары енді. Соған сәйкес 16 мың пәтерді қамтитын тұрғын үй кешендерінің құрылысы басталады. Бұған қосымша 22 мың пәтер жалға берілетін болады. Әлеуметтік осал топтар үшін әкімдік тарапынан арнайы сертификаттар қарастырылған. Бұл ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға мүмкіндік бермек. 

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу