Түркі елдерінің өзара саудасы жандана түспек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркі елдерінің өзара саудасы жандана түспек

13.09.2024

Түбі бір бауырлас елдердің алыс-берісі артады. Бүгін Сенатта «Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің үкіметтері арасында оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы заң» мақұлданды. Құжат кедендік бақылауды жүргізудің тиімділігін арттырып, мерзімдерін қысқарту мақсатында әзірленген. Келісімге сай енді Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия сияқты бауырлас елдер арасында тасымалданатын тауарлар туралы алдын ала ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін электрондық жүйе құрылады. Сөйтіп кеденнен өту уақыты едәуір қысқарып, жүк тасымалы артпақ. Биыл еліміздің түркі мемлекеттерімен сауда көлемі 10 миллиард 400 миллион АҚШ долларынан асты.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті сенатының төрағасы:

Мемлекет басшысы биылғы жолдауында еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру мәселесіне ерекше тоқталып, нақты тапсырмалар берген болатын. Бұл тәуелсіз мемлекетіміздің алдында тұрған стратегиялық маңызы бар міндеттердің бірі. Бүгін қаралған заң осы мақсатқа жетуді көздейді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу