Сенат спикері Мәулен Әшімбаев II Парламентаралық форумға қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев II Парламентаралық форумға қатысты

12.09.2024

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған Қазақстан Парламентінің делегациясы Орталық Азия мемлекеттерінің II Парламентаралық форумына қатысты. Іс-шара «Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы Орталық Азия Парламенті мен өкілді билік органдарының рөлі» тақырыбына арналған. Сондай-ақ, Палата спикері Орталық Азия елдері Парламенті палаталарының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізіп, өңірдегі ынтымақтастықты нығайтуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бауырлас елдеріміз арасында тиімді диалогты дамытуға және сындарлы өзара байланысты арттыруға үнемі баса мән беріп келеді. Бүгінгі кездесу бүкіл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында парламенттік дипломатияның әлеуетін пайдалана отырып, өзара диалогты нығайтуға ықпал ететіні анық.


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу