АЭС – энергетикалық қауіпсіздік кепілі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АЭС – энергетикалық қауіпсіздік кепілі

12.09.2024

Жетісу облысының қоғам белсенділері елімізде атом электр станциясын салу зор мүмкіндіктер мен жарқын болашақ кепілі деген пікірде. Жансүгіров ауылында өткен дөңгелек үстелде өңірдің зиялы қауымы, ақсақалдар алқасы мен аналар кеңесінің мүшелері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырдағы Жолдауын талқылап, атом электр станциясының стратегиялық маңыздылығына тоқталды.

Аймақта шағын су, жел және күн электр станциялары болғанымен, олардың қуаты облыс қажеттілігін толық өтей алмайды. Сондықтан электр энергиясын басқа аймақтардан сатып алып отыр. Бұл ең алдымен халыққа және өндіріс орындарына қымбатқа түседі. Жиынға қатысушылар алдағы өтетін референдум Қазақстан халқының ел болашағы үшін тағы бір шешу қадам деген ой қорытты.

Ғабит Мұсабаланов, Ақсу аудандық қоғамдық кеңес төрағасы:

Біз өркениетті елдің қатарына қосылу мақсатында дамып келе жатқан ел болғандықтан осындай атом электр станциясы біздің еліміз үшін, қазақ үшін, қазақтың жері үшін өте қажет деп ойлаймын. Біздің болашағымызға, елімізге қызмет ететін бұл АЭС жақын жылдарда, таяу жылдарда өзінің нәтижесін, өзінің пайдасын беретініне мен өз басым бек сенімдімін.


Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу