Мемлекет басшысы «Glencore» компаниясының бас директорын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы «Glencore» компаниясының бас директорын қабылдады

12.09.2024

Мемлекет басшысы «Glencore» компаниясының бас директорын қабылдады. Кездесу барысында Гэри Нейгл кәсіпорынның қызметі мен алдағы жоспары туралы мәлімет берді. Бұдан бөлек еліміздің тау-кен, металлургия және энергетика салаларындағы компания жұмысы талқыланды. Президент өндіріс кезінде экологиялық стандарттарды қатаң сақтау және зауытқа инновациялық технологияларды енгізу қажет екенін атап өтті.


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу