Атырау облысында тасқыннан зардап шеккен 62 отбасы баспаналы болды
Атырау облысы Құлсары қаласында тасқыннан зардап шеккен 62 отбасы баспаналы болды. Жаңа үйлердің ішкі әрлеу жұмыстарына дейін аяқталып, инженерлік желілерге толықтай қосылған. 4 ай бұрын Құлсарыда баспанасыз қалған азаматтар үшін бірден 100 үйдің құрылысы басталған еді. Оның 80-і «Қазақстан халқына» қорынан, 20-сы жергілікті бюджет есебінен салынды. Қалған үйлер осы айдың 20-нан бастап біртіндеп табысталады. Сондай-ақ, алдағы уақытта жаңадан бой көтерген «Болашақ» ықшам ауданына арнайы автобустар қатынап, спорт кешенінің құрылысы басталмақ.
Жәмилә Кемалова, Құлсары қаласының тұрғыны:
Қуаныштымыз. Басында көңіліміз босап қиналдық. Әр заттың қайыры бар дейді ғой. Көптен күткен арманымыз орындалып, үйлі боп жатырмыз.
Жұмабек Қаражанов, Жылыой ауданының әкімі:
Бұл жерге «Бином» мектебі де салынғалы отыр және балабақша салу мәселесі де қолға алынып жатыр. Бұл жұмыстардың барлығы бірге жүретін болады.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада түз тағысы босатылды
18.09.2025, 14:30

ЖИ-ді білім саласына енгізудің ұлттық стандарты бекітілді
18.09.2025, 14:27
Су деңгейін бақылайтын цифрлық жүйе құрылады
18.09.2025, 14:24
Елордада «Astana Archive Fest – 2025» халықаралық форумы басталды
18.09.2025, 14:21
Жас дін көшбасшыларының ІІ форумы нақты шешімдер алаңына айналды
18.09.2025, 14:18
Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды
18.09.2025, 14:15
Украинаны қаруландыруға тағы $3,5 миллиард бөлінеді
18.09.2025, 14:12
Газадағы соғыс құрбаны 65 мыңнан асты
18.09.2025, 14:09