Жетісу облысының Көксу ауылында 3 жастағы баланы 400-ден астам адам алтыншы күн іздеп жатыр. Бүлдіршін 6 қыркүйек күні үйінің ауласында ойнап жүріп, күндізгі ондар шамасында жоғалып кеткен. Баланы іздеу жұмыстарына полиция мен төтенше жағдай қызметкерлері, Ұлттық гвардия ұландары, ауыл тұрғындары мен еріктілер жұмылдырылған. Олар ауыл ішін, маңайын, елді-мекен жанынан өтетін Мұқаншы өзенін, шұңқырлар мен тоғайлардың арасын шолып шыққанымен, нәтиже жоқ.
Қуаныш Қанатұлы