Астанада «Сапалы экономикалық өсу үшін жағдай жасау» тақырыбында ашық диалог өтті. Сарапшылар мен түрлі сала мамандары Жолдау аясында Қазақстанның экономикалық саясатының өзекті мәселелерін талқылады. Елдімекендерде халық тұрмысына және ондағы кәсіпке баса назар салды. Бюджеттік шығыстар мен салықтық жеңілдіктердің тиімділігін арттыру, инвестиция тарту, Агроөнеркәсіптік кешенін индустриаландыру туралы пікірлерін ортаға салды.