Еуразиялық интеграция институтының «Ашық саясат» сараптамалық клубы Президент Жолдауына арналған жиын өткізді. Онда әлеуметтік-экономикалық міндеттерді іске асыру, инвестициялық саясат, инфрақұрылым, сондай-ақ мемлекеттік басқаруды жаңғырту секілді Жолдаудың негізгі бағыттары талқыланды.
Арман Ешмұратов, Еуразиялық интеграция институтының ғылыми-теоретикалық сараптама және методологиялық қамтамасыз ету департаментінің басшысы:
Мамлекет басшысы айтқандай, саяси реформалар әрі қарай жалғаса береді, тоқтамайды. Ол бір рет жасалатын науқан емес. Сол себепті, Жолдаудағы 9 үлкен стратегиялық бағытты қалай іске асыру керек, қандай мәселелер болады, осыны бүгін талдап өзіміздің шешімімізді береміз. Мемлекеттік органдарға, Парламентке тағы басқа органдарға.