Президент Түркия ұлттық қорғаныс министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Түркия ұлттық қорғаныс министрін қабылдады

11.09.2024

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлерді қабылдады. Президент Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас барлық бағыт бойынша қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Өз кезегінде Яшар Гюлер атажұртта көрсетілген сый-құрмет үшін алғыс айтып, Түркияның Қазақстанмен өзара сенім және қолдау рухындағы байланыстарды одан әрі тереңдетуге ниетті екенін растады. Ол еліміздің бірқатар өңірлік және халықаралық түйткілді шешуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады. Сонымен қатар әңгімелесу барысында екі елдің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселесі қарастырылды.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу