Мектептегі жаппай улану: 43 бала ауруханадан шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектептегі жаппай улану: 43 бала ауруханадан шықты

11.09.2024

Маңғыстауда мектептегі астан уланған оқушылардың 43-і ауруханадан шығарылды. «Балалардың бәрі амбулаторлық бақылауға алынған және жағдайлары жақсы. Тағы 53 бала стационарда ем алуын жалғастырып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Еске салсақ, 6 қыркүйекте Мұнайлы ауданының №8 мектебінде оқушылар жаппай астан уланып, 400-ден астам бала дәрігерге жүгінген болатын. Бұл мәселе Мәжілістегі депутаттардың да алаңдаушылығын тудырды. Олар мектеп асханасында балалар уланса, санитарлық бақылау станциясы да жауапкершілік алу керек деп отыр әрі білім ошағына жеткізілетін тағам өнімдерінің сапасы мен олардың жарамдылық мерзімін бақылауды күшейту қажет деп есептейді.

Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Қазіргі таңда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мектеп асханаларын жүйелі түрде тексере алмай отыр. Себебі, шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жарияланған кезеңде, асханалар ұзақ уақыт бойы тексеруден өтпеген. Қазір мараторий алынып тасталды. Осыған байланысты санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мектеп асханаларын тұрақты түрде тексеруін қамтамасыз ету қажет. Улану жағдайлары орын алған кезде СЭС жауапкершілігі де қарастырылсын.

Серік Жұмабек


Хабарламаларға жазылу