Көшпенділер ойындарына мыңдаған турист келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көшпенділер ойындарына мыңдаған турист келген

10.09.2024

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына алыс-жақын шет елдерден мыңдаған турист келді. Әлі де келіп жатыр. Олар жарысты тамашалап ғана қоймай, қазақ елінің мәдениетімен де танысып жатыр. Әсіресе, этноауылда шетелдік қонақ көп. 

Этноауыл туриске толы. Әлемнің әр түпкірінен келген туристер қазақтың тарихы, салт-дәстүрі және мәдениетімен танысып жатыр.

Ал, бұл Парижден келген - Энди Сай. Оның айтуынша, Олимпиада ойындарынан көшпенділер ойындары қызығырақ. Себебі, әр спорт тарихпен астасқан.

Энди Сай, турист:

Мен Қазақстанды қатты жақсы көремін. Биыл осында екінші рет келіп тұрмын. Бұған дейін Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларында болдым. Маған қазақ елінің тарихы мен мәдениетін зерттей түскен ұнайды.

Бұл Ренндер отбасы. Олар сонау Перуден келген. Осы көшпенділер ойындарына қатысуды бірнеше жыл бұрын жоспарлапты.

Мара Ренн, турист:

Бұрын көшпенділер ойындары жайлы оқып, қатты таңғалдым. Сосын 2 жыл бұрын осы ойындарға барамын деп шештім. Күйеуім бұл жоспарымды біліп таңғалды.

Кристофер Ренн, турист:

Бұл біз үшін таңғажайып саяхат болып жатыр. Мұнда жергілікті мәдениетпен тез танысуға болады. Мысалы, Алматыны танығың келсе, этно-ауылдағы Алматы киіз үйіне барып біле аласың. Бәрі тамаша.

Көшпенділер ойындарына спортшылардан бөлек, мыңдаған турист келген. Қонақтар легі әлі де қарқынды. Олар үшін мәдени шаралар мен қауіпсіздік барынша қамтасыз етілген.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу