Денсаулық сақтау министрі: 75 оқушы әлі ауруханада жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денсаулық сақтау министрі: 75 оқушы әлі ауруханада жатыр

10.09.2024

Ауыр халде түскен екі оқушы жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды. Денсаулық сақтау министрі Маңғыстау облысында астан уланған оқушылардың жағдайы туралы айтты. Ақмарал Әлназарованың сөзінше, жалпы 462 бала медициналық көмекке жүгінген. Оның 92-сі ауруханаға жатқызылған. Жағдайлары жақсарғандары үйіне жіберіліп жатыр. Десе де, 75 оқушы әлі дәрігерлердің бақылауында.

Жаппай астан улану дерегі Маңғыстау облысының Бесшоқы ауылындағы мектепте болды. Асханадан тегін тамақ ішкен бастауыш сынып оқушыларының дене қызуы көтеріліп, іштері ауырып, дәрігерлерге жүгінген. Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Құзырлы орган өкілдерінің қатысуымен бірлескен тергеу тобы құрылды. Қылмыстық іс облыс прокурорнының қадағалауында.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу