Павлодар облысында мәдениет үйін тойханаға айналдырғандар жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында мәдениет үйін тойханаға айналдырғандар жазаланды

09.09.2024

Павлодар облысы, Железинка ауданы, Веселая роща ауылының мәдениет үйінде дастархан жайып, арақ шарап ішуге жол берген жауапты басшылар жазаланды.

Естеріңізге сала кетейік, ауылдың белсенді азаматтары және ауылдық округ әкімі мәдениет ошағындағы спиртті ішімдіктермен қоса жеке бөлмелерінде интимдік қорғаныш құралдары салынған қораптарды камераға түсіріп, біздің редакциямызға жіберген еді. 

Сол бейнетаспаға мәдениет үйі қызметкерлерінің әр мереке сайын дастархан жайылып, арты көңілді отырысқа ұласады, деген дауыстары жазылған. Осындай өрескелдікке жол беріп, қызметтік міндетіне салғырт қарағандығы үшін ауылдық мәдениет үйінің әдіскеріне қатаң сөгіс, ал, аудандық мәдениет үйінің басшысына ескерту берілді.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу