Емханаларда Face-ID жүйесі арқылы жалған құжат жасауға тосқауыл қойылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Емханаларда Face-ID жүйесі арқылы жалған құжат жасауға тосқауыл қойылмақ

09.09.2024

Емханаларда Face-ID жүйесі арқылы жалған құжат жасауға тосқауыл қойылмақ. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, пилоттық жоба Астанадағы медициналық-санитарлық көмек бойынша республикалық емханада іске қосылды.

Науқастар Face-ID және веб-камера көмегімен жеке басының сәйкестігін анықтайды. Бұл оларға көрсетілген қызмет туралы деректерді бұрмалап, жалған есеп жазуға мүмкіндік бермейді. Бюджет қаржысының, сақтандырылған азаматтардың жарнасының мақсатсыз жұмсалуына жол берілмейді. Жоба келесі жылдан бастап барлық емғанаға енгізіледі.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу