Әскердегі әлімжеттік тыйыла ма: Сарбаздың қауіпсіздігіне енді армия басшысы тікелей жауапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскердегі әлімжеттік тыйыла ма: Сарбаздың қауіпсіздігіне енді армия басшысы тікелей жауапты

08.09.2024

Әлімжеттік әскерде де бар. Жаттығу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау және бар.

...Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты. Бұл Президенттің Жолдауда айтқаны.

Кеше Маңғыстау облысындағы Оймаша полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарайтын бөлімшелердің оқу-жаттығу жиыны кезінде бір командирдің (аты-жөні аталмайды), тапаншадан атқаны оғы қатардағы жауынгер Марат Барқұловтың бетіне тиген.
Сарбаз ауруханаға жетпей, жол бойында қайтыс болған. Ол ата-анасының жалғыз ұлы екен. Қылмыстық іс қозғалды.
Өткенде Ербаянның жағдайын баяндадық. Әскери борышын өтеп жүріп жұмбақ жағдайда бас-ми жарақатын алып, комаға түскен Ербаян Мұхтар.
Жұрт «бұл не сұмдық?» деп дүрліккесін Ұлттық ұлан Ербаян Мұхтардың бас жарақатын алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Басында «сарбаз әжетханада кафельге құлап қалды» деген етін...

Әскерде опат болған сарбаз аз емес. Және ең жаманы – кейде өтірік айтылатыны. Өзі құлап қалды, өзін-өзі өлтірді тағысын тағы.
Таңғалатының – қазіргі өте күрделі геосаяси жағдайда Армия болып жатқан соғыстан үйренетін, Отан оттан ыстық екенін құлаққа құйып, ең құндысы адам өмірі, азаматтарымыздың өмірі, Отанымыздың аман тұруы екенін шегелейтін жер болуы керек емес пе? Елдос Есенбол жалғастырады.

Ердәулет Бабахан, 68665 Әскери бөлімінің қатардағы жауынгері:

Әскерге келгелі бері ең әуелі ұйқы жағын тураладым деуге болады. Смартфонды көп қолданатынмын. Кішкене орыс тілін білмейтінмін енді. Әскерге келгелі кітап оқып орыс тілін үйреніп жатырмын деуге болады.
Ердәулет секілді төрт жүзге жуық сарбаз бар мұнда. Демек төрт жүздей ата-ана ұлдарын шыбын жанын шүберекке түйіп күтіп отыр деген сөз.

Талғат Құлманов, 68665 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары - бөлім бастығы:

Әр ротаға планшет берілген. Сол планшет бойынша сол жерде чат бар. Сол жерде ата-аналар бізге хабарласып отырады.Үнемі байланыста боламыз. Кей сарбаздар егер сенбі-жексенбі күні байланысқа шықпаса үйімен сарбаздардың ата-аналары сол чат арқылы «менің балам бүгін байланысқа шықпады не себепті?» Біз оның себебі нарядта болып қалуы мүмкін ол күні.
Елдос Есенбол, Тілші:

Біз жаңа ғана осы әскери бөлімдегі сарбаздардың әскери өмірімен таныстық. Олардың казармасын көрдік. Қауіпсіздігін тексердік. Айтуларынша мұнда барлығы өз еркімен келген. Байқағанымыздай мұнда шынында темірдей тәртіп. Бірақ елдегі барлық әскери бөлімде осындай жағдай ма? Әскери өмірдің біз білмейтін, сырт көзге көрінбейтін қандай тұстары, қандай көріністері бар?
2020-2022 жылдар аралығында әскер қатарында 276 әскери қаза тапқан. Ресми дерекке сенсек оның 36 пайызы сырқаттан, 24 пайызы жол апатынан бақилық болған. Тағы 20 пайызы өз-өзіне қол салып және түрлі оқыс жағдайда көз жұмған.

Руслан Жангулин, ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:

Оны әскери прокуратура мәлімдеген болатын статистиканы. Оның ішінде санаттарға бөлінеді. Офицерлер, келісім-шарт бойынша әскери қызметшілер және сарбаздар.
Былтыр қызметін асыра пайдаланғаны үшін 5 офицер сотталып, 8-і қызметінен босатылған екен. Статистикаға қарап әскерде әлімжеттік жоқ деп айта аламыз ба?

Руслан Жангулин, ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:

Әлімжеттік дегеніміз бұл кеңес дәуірінің сарқыншағы. Өйткені кеңес дәуірінде азаматтар екі жыл, үш жыл қызмет жасайтын. Қазіргі уақытта тәуелсіз Қазақстанда біздің сарбаздарымыз бір жыл ғана қызмет етеді. Әр келген шақырылым бір-бірімен араласпайды. Қазір біз айтамыз жарғыдан тыс қатынастар дейміз. Жарғыға сай емес қатынастар дейміз. Солай дейік. Офицерлердің одан қалды сарбаздардың бір-біріне жарғыға сай емес қатынас жасауына сонда не себеп? Олар нені бөлісе алмайды?

Жанар Нақыпбаева, Әлеуметтанушы:

Әскердегі әлімжеттіктің негізгі түпкі себептері негізгі екі институтпен байланысты. Ол бірінші отбасы институты. Екіншісі білім және тәрбие институттары. Яғни білім беру, тәрбие беру орталары болып саналады. Осы институттарда орын алған дисфункция деп айтамыз ғой яғни функциялардың дұрыс орындалмауы.
Фархад Айдарбаев, ҚР Қарулы күштері бас штабы ұйымдастыру - жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары:

Қоғам мен әскерді бөлуге болмайды. Қоғамда болып жатқан дүниені әскерде жоқ деп келтіруге болмайды. Қоғамда не болса сол әскерде болады.
Әсел Исаханова, Психолог, Phd, Astana IТ Университетінің қауымдастырылған профессоры:

Адам баласына тән нәрсе мен біреуді өзгертемін, мен оны бірнәрсеге үйретемін, ол менің қолымда бар нәрсе, ол маған бағынуы керек деген оймен олар өздерінің іс-әрекетін біреуге жасатқысы келеді.
Жанар Нақыпбаева, Әлеуметтанушы:

Отбасында болсын, тәрбие беру балабақша, мектеп ордаларында көретін болса оны ол өскен кезде міндетті түрде басқаларға трансляциялайды. Яғни басқаларға соны екі түрде көрсетеді. Біріншісі ол құрбаны болуы мүмкін немесе буллингті жасайтын ұйымдастырушы авторға айналуы мүмкін. Кешенді мәселе ретінде қарастыру керек. Тек әскердегі мәселемен күреспеуіміз керек.

Әсел Исаханова, Психолог, Phd, Astana IТ Университетінің қауымдастырылған профессоры:

Міндетті түрде баланың жауапкершілігін тәрбиелеу керек. Жауапкершілігі бар бала ешқашан да өзінің агрессивтілігін біреуге көрсетпейді. Сондықтан өзінің де эмоционалды жағдайын басқара біледі.
Әскердегі әлімжеттіктің түбірін үйдегі, мектептегі тәрбиеден ізделік дедік. Бірақ сарбаздың қауіпсіздігі деген жалпы ұғым. Қауіп тек төбелестен келмейді... Ботагөз Әбдікәрімова осыдан екі жыл бұрын ұлын әскерге жіберіп, жарты жылдан соң жарымжан қылып қайтарған. Маңғыстау жерінде борышын өтеп жүрген Нұрлан полигонды тазалау кезінде жарылыс болып, жансақтау бөлімінен бір шыққан.

Ботагөз Әбдікәрімова, Алматы қаласының тұрғыны:

Полигонды тазартуға жібереді. Бірінші менің балам емес екен. Содан бір жыл бұрын бір бала қайтыс болған. Бұрын баламды жібермей тұрғанда армияға бала баруы керек деп менің көзқарасым басқа болатын. Ал қазір уже баланы армияға жіберудің не керегі бар? Сенің үкіметің өзінің қорғайтын болашағын защищать етпейтін болса?Бізге денежный компенсация төлемес үшін баланы соттап...елді кінәлайды да бұлар.

Жанар Нақыпбаева, Әлеуметтанушы:

Түркияда жүрген кезде көргенім ол жақтағы әскерге барған жастарға өте үлкен құрмет көрсетіледі. Әскерге шақырту алғанда олардың отбасы үшін үлкен бір мереке болады. Қазақстандық шынайылыққа келетін болсақ «Жібергіміз келеді, бірақ қорқамыз. Жаңалықтардан көп естиміз ғой» дегендей айтып жатады. Сондықтан да бізге осы қорқынышты азайту керек. Әскердің статусын жоғарылату керек.

Биыл жазда Қазақстанның әскери бөлімдерін аралап, әскерилермен жүздесіп келген Айдос Сарымның өз айтары бар.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты:

Кейбір ер азамат офицерлеріміз есептейді ғой мысалы үшін баласы туғаннан кейін декретке кетіп жатады. Мемлекеттің декретке беретін ақшасы әскердің жалақысынан көбірек болып тұр ғой. Сонда мысалы келіншегі жұмысқа шығады да өзі үйде баламен отырып арасында таксилетіп ақша табады. Бұл біздің әскер үшін жағымсыз жағдай.

Осы тұста әлгі «Ерім дейтін ел болмаса...» дейтін мақал еріксіз еске түседі.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты:

Осы жылдың аяғына дейін Парламент қанша жылдан бері тұңғыш рет Ұлттық қорғаныс саласына қатысты 6 заң қабылдайын деп отырмыз. Аймақтық қорғаныс дейтін 2 заң, резервтегі қызмет, әскери қызметтік патриоттық қызмет деген бойынша үлкен-үлкен тұңғыш рет қабылданайын деп отыр. Әскерилер оған үміт артып отыр.

Сол заңға тек әскерилер емес, әскерге баласын аттандырған немесе аттандыратын ата-ана да үміт артады. Өйткені армия азаматтарды қорлауға емес, отанын қорғауға арналған жер еді әу баста...

Елдос Есенбол

Хабарламаларға жазылу