Премьер-Министр тау-кен химия комбинатының ұжымымен елімізде АЭС салу мәселесін талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр тау-кен химия комбинатының ұжымымен елімізде АЭС салу мәселесін талқылады

06.09.2024

Премьер-Министр Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Степногорск тау-кен химия комбинатында болып, кәсіпорын ұжымымен кездесті. Онда энергетикалық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады. Қазақстан әлемде уран өндіру бойынша бірінші орында тұр. Ал, Степногорск тау-кен химия комбинаты әлемдік атом энергетикасын уранды тұрақты қамтамасыз етіп отыр. Атом энергетикасының Қазақстан үшін негізгі энергия көзіне айналып, энергетика жүйесінің тұрақты дамуына ықпал етуі мүмкін екендігі атап өтілді. Референдум қорытындысы бойынша оң шешім қабылданған жағдайда АЭС-тің салынуы өсіп жатқан сұраныс жағдайында нарықтағы электр энергиясы тапшылығын азайтуға, жабдықтардың тозуы себебінен төмендеп жатқан өндірісті толықтыруға мүмкіндік береді. Бұл қауіпсіз әрі экологиялық таза энергияны тұрақты түрде өндіруге жол ашады.

Олжас Бектенов, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі:

Энергетика жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығы – Үкіметтің басты міндеті. Қалыптасқан күрделі ахуал бізден түбегейлі жаңа тәсілдер мен көп жылдан бері қордаланып қалған мәселені шешуді талап етіп отыр. Қазақстанға электр энергиясының жаңа негізгі генераторын енгізу қажет. Егер 6 қазанға белгіленген референдумда халықтан қолдау көп болса, онда біз осы бағытпен жүреміз. Онсыз өнеркәсіпті дамыту да, қарапайым тіршілікті қамтамасыз ету де мүмкін емес. Бұл еліміздің дамуына мүмкіндік береді.


Хабарламаларға жазылу